2024 жылғы 9 қыркүйек пен 12 қыркүйек аралығында «ПЭЗ» ЖШС басшылығы RusWeld 2024 (Экспоцентр, Мәскеу) мамандандырылған көрмесіне барды. Көрмені аралау барысында Ресей және Беларусь елдерінің тауар өндірушілерімен өзекті өндірістік мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Біз сондай-ақ нарықтағы соңғы тенденциялармен, атап айтқанда, шетелдік дәнекерлеу электродтарын импортты алмастырумен танысып, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатыстық. Алынған тәжірибе мен ақпарат Қазақстан Республикасында дәнекерлеу электродтары өндірісін одан әрі дамыту және жетілдіру үшін пайдаланылады!